Партия билеттерін табыстау
Бүгін «Nur Otan» партиясына салтанатты қабылдау өтті. Биліктегі партияның қатарына түрлі қызмет салаларындағы белсенді және талантты азаматтар қосылды. Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясының қатарына бүгінгі күнге барлығы 1357 азамат кірген.
Партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыстай отырып, «Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының Төрағасының бірінші орынбасары Қонысбаева Гүлжанат Өтеуовна - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы ерекше рөлін айшықтаудың белгісі екенін атап өтті.
Елбасының мұқалмас ерік-жігері мен қайсар қажырлығы біздің бәріміз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де әрдайым Отанға қызмет етудің теңдессіз үлгісі болады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен еліміз үшін аса маңызды іргелі істер жүзеге асты: шекарамыз шегенделіп, жаңа елордамыз бой түзеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және халықтың қолдауының арқасында «Nur Otan» партиясы уақыт талабына сәйкес өмірлік маңызды реформалар жүргізіп отырған еліміздің жетекші саяси күшіне айналғандығын атап өтіп, партия қатарына кірген азаматтарға сәттілік тіледі.
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021
