Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партия белсенділері марапатталды

Партия белсенділері марапатталды

Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен «AMANAT» партиясының ғимаратында жиын өтті.

Жиынның күн тәртібі жуырда өткен жалпыхалықтық референдум кезінде конституциялық өзгерістерді түсіндіруге атсалысқан партия белсенділері мен қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшелерін марапаттауға арналды. Аудан әкімі елдегі өзгерістерге атсалысқан партия белсенділеріне алғыс білдіріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хаттарын табыс етті.

Президенттің алғыс хатымен аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов, аудандық мәслихат депутаты Берік Ихсанов, Мейіржан Хаби, облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Елемесов марапатталды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хатымен Светлана Джукина, Тахир Мусинов, Айман Өтебалиева, Саида Ізбасарова, Райгүл Шагирова, Мирас Иманғалиев, Жасқайрат Каргин марапатқа ие болды.

0
0
240

Осы тақырып бойынша