Партия аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары әлеуметтік сала өкілдерімен кездесті.
Өз тағдыры мен елінің тағдыры тоғысқан сындарлы кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуекелге бел буып өз халықының жолында басын бәйгеге тіге білген тұлға. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір бақытты тұрғыны Елбасының қажырлы еңбегі мен білгір саясаттылығына алғыс айтатыны сөзсіз.
Бүгін 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахметова Анар Садыққызы әлеуметтік сала өкілдерімен кездесті.
Ұйымдастырылған шараға білім беру саласының және денсаулық сақтау саласының жас мамандары қатысты.
Іс-шара барысында Елбасының ғұмыр жолы, өткен белестері және көшбасшылық тұлғаның қалыптасуы туралы сөз қозғалып, Елбасының көреген саясатының, батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің маңыздылығы баса айтылды.
Сонымен бірге, Елбасымыз әрқашанда тәуелсіз Қазақстан тарихының төрінде Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы ретінде жарқын істердің жаршысы болып қала бермек» делінген жиын соңында.
