Партия қатарына салтанатты түрде қабылданды
«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі» қарсаңында аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясының қатарына салтанатты қабылдау шарасы болып өтті.Мерекелік қабылдауда «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева жиынға қатысушыларды алда келе жатқан 1 желтоқсан ҚР тұңғыш президент күнімен құттықтады. Сонымен қатар партия қатарына өтуе ниет білдірген білім және мәдениет салаларының мамандарына партиялық билеттері табысталды. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева өз сөзінде алдымыздағы ұлы мақсаттарды орындауда сіздермен әрқашан бірге болу үшін халықтың сеніміне, тәуелсіздіктің тірегіне айналған «Nur Otan» партиясына өтуге бел байлаған партияластарға сәттілік тіледі.
