Партия қатары толықты
Екібастұзда Тұңғыш Президент күні қарсаңында Nur Otan партиясына салтанатты түрде қабылдау өтті.
- Құрметті партияластар! Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын, — деп сөз алды Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нияз Макраев. — Тұңғыш Президентіміздің есімімен мемлекетіміздің қалыптасуы мен еліміздің демократиялық дамуы және ел әлеуетінің артуы тікелей байланысты. Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміз бүгінде барша әлемге ынтымағы мен бірлігі үйлесім тапқан, ұлтаралық татулығы жарасқан бейбітсүйгіш мемлекет ретінде танылып отыр. Партияның қалыптасу тарихы да Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты. Оның тікелей басшылығымен партия еліміздің жетекші саяси күші болды. Н.Ә. Назарбаев «Nur Otan» партиясының идеялық шабыттандырушысы болып табылады, партияның пайда болуы, қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрды.
Нияз Макраев партияның жаңадан қабылданған тоғыз мүшесіне партиялық билеттерді табыстады.
