Партия қатары толықты.
Бүгін 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» күні мерекесіне орай партия мүшелерімен кездесу өтті.
Әрбір қазақстандық үшін бұл мерекенің қоғамдық-саяси маңызы зор және шын мәнінде жалпыхалықтық болып табылады. Осы айтулы мерекеге орай жиынға партия белсенділері қатысты.
Жиында «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ. Мүбараков ашып беріп, Осы жылдар ішінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында іргелі істер жүзеге асырылып келе жатыр, соның бірі «Қазақстан 2050» Стратегиясында көзделген мақсаттарға жету жолында еліміздің кең көлемді жұмыстар жүргізіліп, 2050 жылға қарай Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу межесі, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жүзеге асырылып жатқаны – осылардың барлығына халықты жұмылдырып, алға ұмтылдыратын үлкен мақсат мұраттарды айқындауда бастауыш партия ұйымдары мен партия мүшелерінің рөлі айрықша екенін атап өтті.
Шара барысында аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Мүбараков 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» күні мерекесіне орай партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттері табыстады.
