Партия қатары Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңа мүшелермен толықтырылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұлттың ұлы көсемі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайрат Талапұлы Нұртаев партия қатарына жаңадан алынған партия мүшелеріне сәттілік тілеп, құттықтау хатымен партия билеттерін табыстады.
