Партия ардагерлерімен кездесу өтті
Партия ардагерлерімен кездесу өтті.
Ел аумағында Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт насихат кезеңі жалғасып жатыр.Осы орайда «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы сайлауалды штабының мүшелері партия ардагерлерімен кездесті.Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының республикалық және аудандық сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.Бағдарламамен танысқан ардагерлер күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген мәселелердің яғни Қарағаш,Ақтау,Ардақ ауылдық округіндегі ұялы байланыс,сапалы ауыз сумен қамту бойынша Алмазный,Ақтау,Ардақ ауылдарына әр үйге су жеткізіліп отырғандығын айтып, «Nur Otan» партиясының тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартудағы нақты жұмыстарын атап өтті. Ардагерлердің «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық сайлауалды бағдарламаның ауданды дамытуға бағытталған шаралары туралы ұсыныс пікірлері тыңдалды. «Біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құрамыз» - деп қорытындылады «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы сайлауалды штабының төрағасы Светлана Ешматқызы Байтенова .
#Қиындықты еңсеріп , жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» - нақты істер партиясы!
«Nur Otan» - жарқын жетістіктер партиясы!
#BizBirgemiz!
# Nur Otan
