Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партия ардагерлері, денсаулық сақтау, білім беру және жастар өкілдерімен кездесу өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов партия ардагерлері, денсаулық сақтау, білім беру және жастар өкілдерімен кездесу өткізді. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары кездесуге қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі ел дамуындағы Елбасымыздың атқарған еңбектеріне тоқталып өтті. Кездесуге қатысушылар Н.Ә.Назарбаевтың саналы өмірінің еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен келісімнің сақталуына сіңірген еңбектерін айтып, ой бөлісті.

0
0
119

Осы тақырып бойынша

Партия ардагерлері, денсаулық сақтау, білім беру және жастар өкілдерімен кездесу өтті. - Yvision.kz