Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерінің Ақжайық ауданына көшпелі кездесуі

2017 жылдың 10 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Ақжайық ауданына көшпелі кездесу өткізілді.

Аудан орталығында «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына аудан басшылары мен мемлекеттік қызметшілер, Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының өкілі Ә.Баяхов қатысты.

Сонымен қатар, «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Жаңабұлақ, Мерген, Ақжол және Первомай ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының басым бағыттарын түсіндірді.

Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 
0
0
891

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерінің Ақжайық ауданына көшпелі кездесуі - Yvision.kz