«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы Қаратөбе ауданында
2017 жылдың 21 сәуірде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Қаратөбе ауданынының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Көшпелі кездесу шеңберінде комплексті шаралар өткізілді.
Мобильдік топ мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауының бесінші басымдығы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытындағы мемлекетіміздің саясаты жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудандық әкімдікте Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовтың төрағалығымен және аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Кездесу барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру міндетін орындау мен мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жоюдың маңыздылығы аталып өтілді.
Комплексті шаралар шеңберінде Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин аудандық аурухана мен ХҚКО-ның қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы М.Харесова аудандық гимназия мен Мұхит атындағы мектептің оқытушылары мен оқушылары арасында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Көшпелі кездесу барысында мобильдік топ мүшелері 5 семинар-кеңес пен ауданның және ауылдыө округтардың тұрғындарына қабылдау өткізді.
