«Парасыз болашаққа. Бірге!» атты облыстық шығармашылық байқауы
|
«БЕКІТЕМІН» Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор__________ А.С.Әйтімов |
|
«КЕЛІСІЛДІ» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы __________ Б.А.Исақов |
«Парасыз болашаққа. Бірге!»
атты облыстық шығармашылық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Бұл ереже «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты облыстық шығармашылық байқауын (ары қарай – Байқау) өткізу тәртібі мен шарттарын реттейді.
1.2. Байқауды ұйымдастырушы – Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті.
1.3. Байқауды ұйымдастырушы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалы мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті өкілдерінен құралған Ұйымдастырушы комитетін құрады.
1.4. Ұйымдастырушы комитет бекітеді:
- «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты облыстық шығармашылық байқауының ережесін;
- Қазылар алқасын құру тәртібін, қазылар алқасының құрамын, жауапты хатшыны;
- Байқауға қатысушылар тізімін;
- Байқаудың қорытындысын шығарады;
- Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі мен арнайы номинациялар тізімін құрайды.
1.5. Байқау қорытындысын шығару кезінде Қазылар алқасы байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстар материалын арнайы сараптамадан өткізіп бағалайды және жеңімпаздарды анықтайды.
2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Мақсаты:
- Сыбайлас жемқорлық мәселелерін шешуге бағытталған шығармашылық жобалардың үздік идеяларын анықтау және қолдау;
- Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымы мен белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру;
2.2. Міндеттері:
- тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру пен заңға құрметін қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа бұрыс (теріс) қарауға тәрбиелеу;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жою бойынша шығармашылық топтардың әлеуметтік қызметін ынталандыру және жандандыру;
- шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
2. БАЙҚАУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
3.1. Байқауға қатысуға БАҚ-тың журналистері, сондай-ақ ЖОО, ОАОО студенттері (оқушылар) мен оқытушылары, мектеп (облыс, қала) мұғалімдері шақырылады.
3.2. Байқау шеңберінде жеке жұмыстармен қатар бірлесіп орындалған жұмыстар да қарастырылады. Бірлескен авторлар саны үш адамнан аспауы керек.
3. БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.1. Байқауға қатысуға қазіргі кездегі сыбайлас жемқорлық мәселесіне және оны шешуге бағытталған шараларға арналған жұмыстар қабылданады. Жұмыстардың тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа байланысты әлеуметтік мәселелер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру жолдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жүйе құру үшін қабылданатын шараларды қамтуы мүмкін.
4.2. Мақала, эссе, очерк мәтінінің көлемі 2 (екі) беттен кем емес, Word 2003 мәтіндік редакторында, А4 форматта, TimesNewRoman қарпінде, жоларалық интервалы 1, символ өлшемі 14, шеттері: жоғарғы және төменгі – 2,0 см, сол жақ – 3,0 см, оң жақ – 1,0 см; үстінде – басты әріптермен атауы, төменірек, 2 жол қалдырып – автордың фамилиясы мен инициалын басты әріптермен; төменірек, 1 жол тастап – қала (аудан, ауыл), ұйым атауы кіші әріптермен; төменірек, 2 жол тастап – азат жолдан мәтіннің басталуы керек.
4.3. Бейнеоролик мазмұны ҚР заңнамаларына қарсы келмеуі керек. Бейнеороликтерді қазақ не орыс тілдерінде ұсынуға болады. Ұзақтығы 7 минуттан көп емес, байқауға ұсынылатын материалдардың қабылданатын форматы: DVD диск, флэш-тасымалдаушыларға салынған AVI немесе MP4 форматында.
Дискілер конвертке салынып, маркермен жазылған болуы керек.
Бейнеороликтің бастапқы титрі келесі ақпараттардан тұруы міндетті: байқау жұмысының атауы, автордың аты-жөні (толық), жетешісінің ТАӘ, лауазымы, жұмыс орны.
4.4. Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.
4.5. Плагиат анықталған жағдайда жұмыс бағаланбайды.
4.6. Өтініштермен байқау жұмыстарын қабылдау мерзімі – 2017 жылдың 25 қарашасына дейін (қоса алғанда), электрондық пошта: a.bayakh@mail.ru.
4.7. Шығармашылық жұмыстарға төмендегі форма бойынша рәсімделген сұраныс тіркеледі:
|
Қатысушылар дың ТАӘ |
Ұсынылған материал жанры (мақала, очерк, эссе, өлең, журналистикалық зерттеу бағыты бойыша талау сюжеті, деректі фильм және т.б. электрондық материалдар |
Туған күні, айы, жылы |
Жұмыс орны, лауазымы |
Тұрақты мекен-жайы |
Байланыс телефоны, e-mail |
4.8. Байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыс бұдан бұрын басқа байқау шараларына қатыспаған болуы шарт.
Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
Қатысушылардың жұмысын бағалау критерийлері:
- тақырыпқа сай болуы;
- тақырыпты ашып көрсету дәрежесі;
- ерекшелігі, креативтілігі, қабылдауға қолжетімділігі;
- жұмыстың сапасы мен эстетикалық рәсімделуі;
- жұмыстың тәрбиелік мәні;
- құқықтық сауаттылығы.
5. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
5.1. Ұйымдастырушы комитет Байқау қорытындысын әр номинацияға жеңімпаздарды анықтайды.
5.2. Шығармашылық жұмыстар төмендегі номинациялар бойынша бағаланады:
1. Баспа материалдары бойынша:
- «Облыстық, қалалық, аудандық басылымдардағы мемлекеттік тілдегі үздік материалдар» (І, ІІ, ІІІ);
- «Облыстық, қалалық, аудандық басылымдардағы орыс тіліндегі үздік материалдар» (І, ІІ, ІІІ);
2. Электрондық материалдар бойынша:
- Мемлекеттік тілдегі үздік телевизиялық материал: 7 мин. видеоролик (бағдарлама, арнайы репортаж және т.б.);
- Орыс тіліндегі үздік телевизиялық материал: 7 мин. видеоролик (бағдарлама, арнайы репортаж және т.б.);
- Мемлекеттік тілдегі бейнеролик;
- Орыс тіліндегі үздік бейнеролик;
- Мемлекеттік тілдегі үздік радиобағдарлама;
- Орыс тіліндегі үздік радиобағдарлама.
3. Арнайы сыйлық
- БАҚ бойынша үздік серіктестік (аудандық деңгейдегі мемлекеттік орындар арасында)
5.3. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
5.4. Үздік шығармашылық жұмыстар сайтқа жүктеледі және БАҚ-қа жариялануға ұсынылады.
Ұйымдастырушы комитет мекен-жайы: Орал қ, М.Мәметова көш, 81
Байланыс телефоны: 8 (711 2) 542717, 8701 376 31 09.
