«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы «Севказэнерго» АҚ

А.ж. 24 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы «Севказэнерго» АҚ ұжымымен кездесті.
Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мекеме ұжымын да аталмыш мәселеде қарап қалмауларын өтінді.

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
