Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде

А.ж. 16 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің ұжымы және студенттерімен кездесті.

Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мекеме ұжымын да аталмыш мәселеде қарап қалмауларын өтінді.

Студенттер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі және білім беру мекемелеріндегі жемқорлық туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
708

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде - Yvision.kz