«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл қаласының мектептерінде

Оқу жылы басынан Петропавл қаласы мектептерінің ұжымдары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелерінің белсенді жұмысы басталды.
А.ж. 5 қыркүйегінде М. Айтхожин атындағы № 1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізілді.
Іс шараны аша отыра, мектеп директоры А.Ю. Курленя осындай кездесулер сыбайлас жемқорлықты алдын алудың жақсы құралдары болып табылатының атап өтті.
Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтты. Департаменттің бас маманы А.Е. Сатанов өз сөзінде барлығын жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қарсы тұруға белсенді қатысуға шақырды.
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің төрағасы Н.Д. Ухов өз кезегінде аталған бағытта «Нұр Отан» партиясының жұмысы туралы баяндады, және қойылған міндеттерді жүзеге асыруда педагогикалық ұжымдарының маңызды орнын атап өтті.
Облыстық мәслихат депутаты Екатерина Старостина сыбайлас жемқорлыққа қарсы қөзқарасты қалыптастыру жұмысында жас ұрпақтың алатын рөлдері туралы айтты.
Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Ұқсас кездесулер облыс орталығының барлық мектептерінде өтеді.
