«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Ғ.Мұсрепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында

А.ж. 25 шілде күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы Ғ.Мұсрепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасының ұжымымен кездесті.
Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұжымдар мүшелерін аталмыш мәселеде белсенді азаматтық көзқарас танытуларына шақырды.

Қызметкерлер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.
Кездесулер соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
