Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығында

А.ж. 18 шілде күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының ұжымымен кездесті.

Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтты.

Департаменттің бас маманы А.Е. Сатанов өз сөзінде барлығын жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қарсы тұруға белсенді қатысуға шақырды.

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің мүшесі И.С. Татваев өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қөзқарасты қалыптастыру жұмысында барлық қоғам мүшелерінің және жас ұрпақтың алатын рөлдері туралы айтты.

Мекеме ұжымы жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, барлығына тиісті жауаптарын алды.

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
498

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығында - Yvision.kz