Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы «Бэст» гимназиясында

А.ж. 9 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ «Бэст» гимназиясының ұжымымен кездесті.

Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтты.

Департаменттің бас маманы А.Е. Сатанов өз сөзінде барлығын жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қарсы тұруға белсенді қатысуға шақырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының СҚО бойынша департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева өз баяндамасында еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты және де барлығымыз жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық қоғам, әр азаматтың ісі екенін түсіну қажеттілігіне баса назар аударды.

Мекеме ұжымы жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, барлығына тиісті жауаптарын алды.

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
387

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы «Бэст» гимназиясында - Yvision.kz