Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болаққа. Бірге!» акциясы 6637 әскери бөлімінде

А.ж. 23 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері Қазақстан Республикасы  Ұлттық Ұланының 6637 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

Департамент басшысының орынбасары Е. Степаненко өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың басты ережелеріне тоқталып, Агенттікпен өткізілетін негізгі акциялары туралы айтты, ұжым мүшелерін белсенді азаматтық көзқарасқа шақырды.

С.Н. Зайцева - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы СҚО бойынша Департаментінің инспекторы пара алудың зардаптары туралы айтып, басқа елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары туралы мысал келтірді.

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңесінің мүшесі И.С. Татваев сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруда қоғамдық бірлестіктердің маңыздылығын атап көрсетті.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
362

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болаққа. Бірге!» акциясы 6637 әскери бөлімінде - Yvision.kz