Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Парасаттылықты қалыптастыруда «Саналы ұрпақ» жобасының маңызы зор

2020 жылдың 9 қазан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі қызметкерлері және студенттерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Саналы ұрпақ» жобасы жүзеге асыру мәселері талқыланды.

Бүгінгі таңда облыстың колледждерінде «Саналы ұрпақ» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба академиялық адалдықты қалыптастыруда орны ерекше.

Сонымен қатар, Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Колледж директорының орынбасары Г.И.Алмаганбетова оқу орнындағы атқарылып жатырған іс-шаралар туралы ақпараттандырып, «Саналы ұрпақ» жобасының жоспарланған шараларымен бөлісті.

Колледж студенті М.Талыпов парасаттылық тақырыбында өлеңін оқып, «пара алғандар темір тордан әрі асар», «жемқорлықтың жолын бірге кесерміз» деп замандастарын Адалдыққа шақырды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
161

Осы тақырып бойынша

Парасаттылықты қалыптастыруда «Саналы ұрпақ» жобасының маңызы зор - Yvision.kz