Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасаттылық»

2019 жылдың 26 тамыз күні ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет және превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин «Парсаттылық» тақырыбында лекция өткізді.

Лекторлар Агенттік жұмысының негізгі бағыттарына, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Лекция соңында мемлекеттік органдар жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сонымен қатар ішкі талдау жүргізу мәселелері талқыланды.

1
0
549

Осы тақырып бойынша

«Парасаттылық» - Yvision.kz