Пара беру де – қылмыс
2018 жылдың 27 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің қолдауымен сот отырысының қойылымы өткізілді.
Шараның мақсаты – студенттердің құқықтық тәжірибелерін арттыру, пара берудің қылмыс екенін түсіндіру.
Сот отырысы қойылымына шақырылған қонақтар БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бахтиер Журабаев, Орал қаласының №2 сотының судьясы Шынаргул Шайдиева, БҚО бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімі басшысының м.а. Руслан және БАҚ өкілдері қатысты.
Сот отырысындағы қаралған қылмыстық істің оқиғасы кәсіпкерлікті жабу үшін танысының пара бермек болған оқиға ізінде өрбиді. Азаматша «А» өзінің танысының сеніміне ие болып, лауазымды тұлғаға пара беру үшін ақша талап етеді. Жәбірленуші «1424 call center»-ге хабарлайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлері пара бермекші болған күдікті «А»-ны қылмыс үстінде ұстайды.
Кінәліге қатысты сот шешімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 367-бабына сәйкес айыппұл салынды.
Шараға арнайы шақырылған сот жүйесінің өкілдері өз ризашылықтарын білдіріп, сот процесінің өтуіне байланысты талаптардың сақталуы жөнінде студенттерге ақыл-кеңестерін берді.
