Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Озық тәжірибе, жаңа үрдіс – көпке ортақ

Әдіскерлердің өзара тәжірбие алмасу мақсатында Жұлдыз мәдениет үйінің әдіскері Г.Садыкова А.Құнанбаевтың 175 жылдығына , Қараөзен мәдениет үйінің әдіскері Г.Сарсенова 1 қазан қариялар күніне , Қайыңды мәдениет үйінің әдіскері С.Майшина Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған онлайн өткізген шараларына шолу жасап, өз жұмыстарын таныстырды.Одан әрі Жаңажол мәдениет үйі көркемөнарпаздарының онлайн жұмыстары көрсетіліп, Жаңатаң ауылдық клубының меңгерушісі А.Абдулованың ұйымдастыруымен «Әріптер әні» тренингімен жалғасын тапты. Әдістемелік орталықтан жылдық есеп қорытындысына әдістемелік көмек көрсетіліп, алдағы жылы атқарылатын жұмыстарға жалпылама шолу жасалып, жылдық жұмыс жоспары талқыланды.

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде мәдени шараларды атқаруда онлайн іс-шараларда белсенділік танытқан Қараөзен мәдениет үйінің әдіскері Г.Сарсеноваға аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Э.Аубекеровтың Алғыс хаты табысталып, семинар ұжымның орындауында әсем әнмен аяқталды.

0
0
332

Осы тақырып бойынша

Озық тәжірибе, жаңа үрдіс – көпке ортақ - Yvision.kz