Мазмұнға өту
Обложка сообщества Cybersport Qaz

Ойын индустриясы Украинаның айналасына жиналды

Негізгі ақпараттар бойынша Sony, Micjroft және Nintendoқазіргі уақытта Ресейге сатуды тоқтатты. Бірнеше ойындардан түскен кірістер Украинадағы Қызыл Крестке аударылатын болады. Көмек беруге бар күш-жігерін беруші Компанияларға Bungie, 11 Bit Studios, GSC GameWorld және CD Projekt кіреді. Сондай-ақ олар Ubisoft, tinyBuild және Playrix-ті қоса отырып Украинадағы студиялардың қызметкерлеріне егжей-тегжейлі қолдау көрсету мен көшіп-қонуларына ат салысуда.

Ойын компаниялары Ресейдің қарулы күштерінен жапа шегіп жатқан Украина индустриясы мен ойыншыларға қолдау көрсетуге үндеу жасауда.

Украинада орналасқан көптеген ойын компаниялары, соның ішінде Frogwares, Vostok Games және Sengi Games әлеуметтік желілерде Ресей тарапынан болып жатқан іс-әрекеттер жайлы мәлімдемелер жасауда, ал кейбір компаниялар белсенді түрде Украинаға қолдау көрсетуге үндеу жасап жатыр және көмек көрсетуге уәде беруде.

Сала мамандары, сонымен қатар медициналық құрал-жабдықтарды, әскерлерге керекті ресурстарды, соғыстан зардап шегіп жатқан балаларды, және де қақтығыс туралы ақпараттар беріп жатқан тілшілерді қаржыландырғысы келетін жандар үшін қайырымдылық жайлы сілтемелерді ұсынатын веб-сайтта сілтемелер жасап жариялауда. «Нью-Йорк таймс» Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметтері бойынша 27 ақпан, бейсенбіде Ресейдің украинаға басып кірген күннен бастап 1 наурыз, сейсенбіге дейінгі аралықта 227 бейбіт тұрғын қаза тапты және 525 адам жараланды (БҰҰ-ры бұл көрсеткіш нақты ақпараттан әлдеқайда аз екендігіндее атап өтті)

0
0
157

Осы тақырып бойынша