«Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС ұжымымен кездесу
Қазақ мұнайын өндіру саласын арнаулы техника, автокөлік құралдарымен қамтып отырған, облыс экономикасының алғы шебіндегі қуатты күші - «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС ұжымының мүшелерін ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлауға белсенді түрде қатысуға үндеп, үгіт-насихат жүргіздік.«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның негізгі басымдылықтары – өңір болашағы үшін жасалатын іс-шаралар туралы әңгіме өрбіді.
Ұжым мүшелерінің қойған сауалдарына жауап беріп, пікір алмастық. Олар партия бағдарламасын қолдайтынын білдірді.
Акылбай Сапаров


