«Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі» қоғамдық кеңес отырысы өтті
Отырысқа «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық білім, құрылыс, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшылары, сонымен қатар аудандық мәслихат депутаты, аудандық партия филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Сүнбеков Бекжан және аудандық колледж директорлары қатысты. Отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Оның ішінде Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасында көзделген жоғары оқу орындарында, колледждерде, орта білім беру ұйымдарында және мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, мүмкіндіктері шектеулі балалардың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы психологиялық-педагогикалық түзеуді қолдауға қол жеткізуін қамтамасыз ету туралы, көп балалы және кедейлік шегіндегі отбасылар, мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, жетім балалар үшін тұрғын үй салу және жетім балаларды балалар үйлерінен шыққаннан кейін жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы мәселелер көтеріліп, тиісті басқарма басшыларының есебі тыңдалып ұсыныстар берілді.
