Отбасы орталығының жұмсымен танысты
Қаламызда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдердің дағдарыс орталығына қарасты “Отбасы орталығы” жұмыс жасап келеді. Бүгін “Nur Otan” партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Нуршинов осы орталыққа барып, жұмысымен танысты. Сондай-ақ, өткен сайлау науқанында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп, партияның жеңісіне өзіндік үлестерін қосқан осы орталықтың қызметкерлерін Елбасы Н.Назарбаевтың атынан келген алғыс хатпен марапаттады.
