Отбасы, балалар мен әйелдер құқығы мәселелеріне қатысты кеңес өз жұмысын қорытындылады
Жиында әйелдердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамыту жөніндегі жұмыстың жай-күйі, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау және мектеп интернаттары, қосымша білім беру мекемелері мен балалар мен жасөспірімдерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің жағдайлары, Алматы облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысы мен «Бақытты отбасы» партиялық жобасының жол картасы шеңберінде құрылған жедел әрекет ету топтарының жұмысын ұйымдастырудың қорытындылары қаралды. Әрбір мәселеге қатысты жауапты сала басшылары баяндама жасап, партия жанындағы кеңес мүшелері өз тараптарынан сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Алматы облысы бойынша осы бағыттарда жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, кемшіліктер де айтылды. Облыстық кеңес тарапынан жинақталған ақпараттар бойынша анықтаманы кеңес мүшелеріне облыстық партия филиалы Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі, кеңестің жауапты хатшысы Э.Талданбаева таныстырды. Сондай-ақ, облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы С.Наурызбаева, білім беру басқарма басшысының м.а. Ж.Сүлейменова, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы А.Оралбекова, жедел әрекет ету топтары мен «111 колл» орталығының жұмысына қатысты Талғар, Іле, Қарасай аудандарының әкімдерінің орынбасарлары өз есептерін берді. Отырыс соңында кеңес тарапынан ұсыныстар мен хаттамалық тапсырмалар беріліп, мерзімге сәйкес тиісті сала басшылары жауап беру қажеттілігі ескертілді.
