«Осы жерде және дәл қазір» шарасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдары арасында өткізіліп жатырған «Бастауыш - партия негізі айлығының ережесіндегі «Осы жерде және дәл қазір» өзекті мәселені көтеру шарасы кезінде "Ұялы" БПҰ екі мәселенің шешу жолын қарастырды. Біріншісі- тұрғындардың сұрауы бойынша ауыл көшелерін толықтай жарықтандыру. Екінші мәселе ата-аналардың өтініштері бойынша аз қамтылған отбасының балаларына қысқы киімнен көмек беру. Көшені жарықтандыру мәселесі бойынша 24 қараша күні ауыл әкімшілігінде қауымдастық мүшелерінің қатысымен кеңес оздырылды. Осы кеңесте жергілікті салықтан түскен қаржыдан көшелерді жарықтандыруға 254670 теңге бөлуге шешім шығарылды. Екінші мәселе: аз қамтылған отбасы балаларына қысқы киім алып беру туралы ауылымыздың азаматы шаруа қожалық жетекшісі, мектеп оқушыларына бірнеше жылдан бері демеушілік танытып келе жатырған Мамаев Тілекжан Рахметұлына хабарластық. Тілекжан Рахметұлы бұл жолы да көмектесуге әзір екенін айтып, балалардың киім өлшемдерін жазып беруді сұрады. Көмек қажет еткен 10 баланың киім өлшемдері жазылып берілді.
#осыжердежәнедәлқазір
#здесьисейчас
#бастауышпартиянегізі2021
#первичкаосновапартии2021
