Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қостанайлық кәсіпкерлер мен Белорусия БАҚ-ның өкілдері арасында кездесу болып өтті.

Еуразиялық экономикалық одақтың
құрылуына орай Қазақстанға Белорусиядан БАҚ-ның  өкілдері келіп, еліміздің жетекші кәсіпорындарына
барып қайтқан болатын. Соңғы бағытын Қостанайға ұстаған қонақтар Қазақстан-Белорусь
экономикалық қарым-қатынасына өзіндік үлесін қосып жүрген қостанайлық
кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты: екі ел
арасындағы экономикалық байланысты одан әрі нығайтып, ұсыныстармен алмасу.

Осмолович Лариса
Владимировна («Буг-ТВ» телекомпаниясының бас редакторы): «
Қазақстан халқы қонақжай деп естігенім бар еді, бірақ
мұндайды күтпеп едім. Өте жақсы қарсы алды. Жалпы Қазақстан халқының
экономикалық тұрғыда мүмкіндіктері өте жоғары. Оған қоса туризмді де дамытса
жақсы болар еді.  Өйткені Қазақстанның табиғаты
бай әрі сұлу».

0
0
547

Осы тақырып бойынша

Қостанайлық кәсіпкерлер мен Белорусия БАҚ-ның өкілдері арасында кездесу болып өтті. - Yvision.kz