ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қостанай облысының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету кәсіпорындарының кәсіби активімен және басшыларымен оқыту семинары өтті

1

2017 жылы 13 наурызда облыстық тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындардың қызметкерлерінің кәсіподағында Қостанай облысының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету кәсіпорындарының кәсіби активімен және басшыларымен оқыту семинары өтті. Оқыту мақсаты: тәжірибеде ҚР Еңбек Кодексін қолдану, келіссөздер жүргізу тәртібі, әзірлеу және ұжымдық шарттар жасасу, 2017-2018 жылдары ҚР азаматтарды әлеуметтік қамту деңгейін біртіндеп көтеру.

Семинар қатысушыларының алдында: Қостанай облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің заң мәселелері жөніндегі бас маманы - А.Т.Исмағамбетов; Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - А.Қ.Сатаева  сөз сөйледі.

Соңында, «Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың  негізгі рөлі» мәселесі бойынша облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету кәсіпорындарының локальды кәсіподақтың төрағасы Н.С.Смагина сөз сөйледі. Семинардың қатысушыларымен 8 сұрақ қойылды, оған олар толық жауап алды.