Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қостанай облысының статистика департаменті» РММ-де ашық есік күні

2018 жылы 31 қазанда сағат 10.00-де  «Қостанай облысының статистика департаменті» РММ-нің базасында ашық есік күні өтті, оған «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Айтуарова Әлия Рафаэльқызы қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Қостанай қ. мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Қостанай Қазтұтынуодағы колледжінің студенттері қатысты.

Статистика департаментінің қызметкерлері слайдтар мен үлестірме материалдарды қолдану арқылы мемлекеттік орган немен айналысатынын, статистика департаментінің stat.gov.kz. ресми сайтында қандай негізгі статистикалық көрсеткіштермен танысуға болатынын түсіндірді.

Іс-шара барысында әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова қатысушыларға «100 нақты қадам - Ұлт Жоспарымен" белгіленген кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша 12-ші қадамды іске асыру аясында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілгенін және қолданысқа енгізілгенін еске салды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметіне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізу, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға кеңес беру және түсіндіру, және ұжымда жағымды моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру жатады.

Ә.Р. Айтуарова қатысушыларға департамент қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ департамент қандай мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатынын түсіндірді, әдеп жөніндегі уәкілге сұрақтар туындаған кезде кеңес алу үшін, сондай-ақ Департамент қызметкерлері дөрекілік, әдепсіз мінез-құлық , сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болуы мүмкін жағдайлар үшін визиткалар берілді.

Статистика департаментімен ұйымдастырылған іс-шара жемісті өтті, кездесу барысында туындаған мәселелерге құзыретті жауаптар берілді.

0
0
327

Осы тақырып бойынша

«Қостанай облысының статистика департаменті» РММ-де ашық есік күні - Yvision.kz