Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қостанай облысының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу сапасының мониторингі

«Елді мекендерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «кедергісіз орта» құру, оның ішінде осы мәселенің шешілуіне қоғамдық бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау» деген 62-тармағын іске асыру мақсатында және облыс әкімі А. Мұхамбетовтің хаттамалық тапсырмасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі мүгедектердің қажеттіліктеріне нысандарды бейімдеу бойынша іс-шаралардың сапалы өткізілуін бақылау бойынша жұмыс бастады. Осы мақсатта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері 2018 жылы бейімдеуге жататын, Таран ауданының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мониторинг жүргізді. Мониторинг жүргізу барысында 18 нысан тексерілді және жүргізілген жұмыста кемшіліктер анықталды. Мониторинг қорытындысы бойынша құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес мүгедектердің барлық санаттары үшін бейімдеу іс-шараларын өткізу кезінде ұсыныстар берілді.

0
0
280

Осы тақырып бойынша

Қостанай облысының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу сапасының мониторингі - Yvision.kz