ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қостанай облысы әкімінің жанындағы аппараттық кеңесте департамент басшысының сөз сөйлеуі

1

2017 жылы 6 наурызда сағат 10.00-де  облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі жанындағы аппараттық кеңес өтті.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы «Қостанай облысындағы мүгедектіктің жай-күйі туралы» мәселесі бойынша ақпаратпен сөз сөйледі.

Мұрат Тлемісұлы барлық қатысушыларға облыс бойынша мүгедектіктің жай-күйі, оларды оңалту бөлігінде қабылданатын шаралар мен проблемалық мәселелер туралы хабардар етті.

Мұрат Тлемісұлы қоғамға мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу және мүгедектердің барлық санаттары үшін қолжетімді, кедергісіз ортаны құру мәселесіне жеке тоқталды.

Бұл міндет Қазақстан 2015 жылдың басында ратификациялаған мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында және тікелей                              «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 25 бабында көрсетілген.

Облыста 2014-2018 жылдарға арналған объектілерді бейімдеу өңірлік жоспары бекітілген. Осы жоспарға сәйкес облыс бойынша 1 166 объектіде қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланған, қалалар және аудандар әкімдерінің мәліметтері бойынша 818 объекті немесе 70% қолжетімді. Тек өткен жылы 206 объекті бейімделді және ағымдағы жылы тағы да 169 жоспарлануда.

Қазіргі күні мүгедектер үшін әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс облыстың қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жүргізілгеніне қарамастан осы мәселеде департамент бақылау функциясымен құқылы, осы бағыттағы жұмыстар бірінші жыл емес, әлі де кәсіпкерлік секторы бойынша, сондай-ақ мемлекеттік сектор бойынша көп.

Өткен жылы, мүгедектердің, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің, прокуратура органдарының өтініштерінің негізінде мемлекеттік бақылау аясында 43 объекті тексерілді және 27 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 9 мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалары, 15 кіші, 2 орта және 1 ірі бизнестің субъектілері. Салынған айыппұл сомасы 6,5 млн. теңгені құрады. Қазіргі күні барлық айыппұлдар 100%-ға өтелді. Ең бастысы көрсетілген объектілерде мүгедектер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген.

Аппараттық кеңес барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов тексеру жүргізу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттілігіне, халықтың қауқары аз топтары үшін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігі бойынша бақылауды қамтамасыз етуге баса назар аударды.