Қостанай облысы әкімдігі жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері
2018 жылы 6 желтоқсанда сағат 9.30-да Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімі орынбасары Марат Қонысбайұлы Жүндібаетың өкілеттігімен Қостанай облысы әкімдігі жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңес өтті.
Мынадай мәселелер қарастырылды:
1. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 - 2018 жылдар) негізгі бағыттарын іске асыру барысы туралы
Ақпарат берді: Әбенова Гүлнар Таубайқызы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
Бекенов Болат Қажабайұлы, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары;
Ещанов Санаш Сағандықұлы, «Рудный қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ төрағасы.
2. Инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту нәтижелері туралы
Ақпарат берді: Каткенов Құсайын Амангелдіұлы, білім басқармасының басшысы.
3. Мүгедектіктің жай-күйі және мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
Ақпарат берді: Мұратбеков Мұрат Тлемісұлы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы.
