Қостанай облысы бойынша шамамен 57 мың адам 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемді алды
28 шілдедегі жағдай бойынша шамамен 64,5 мың өтінім тіркелді, оның ішінде 25,3 мыңы sms - хабарлама арқылы проактивті форматта қабылданды.
56 890 азаматқа 42500 теңге көлемінде төлем тағайындалып, шоттарға жіберілді, бұл шамамен 2,5 млрд. теңге. 5 117 азаматқа басқа табыс көзі болуына, жұмыссыз мәртебесіне ие болуына немесе әлеуметтік төлемдердің белсенді алушысы болуына байланысты бас тартылды. Яғни, аталған азаматтарда табысын жоғалту фактісі расталмады.
Бұл ретте атап өту қажет, біржолғы төлем шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, оның ішінде:
1) жұмыс берушінің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс алатын жеке тұлғаның қызметі шектеу іс-шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда;
2) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы адамдарға;
3) еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдарға;
4) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірыңғай жиынтық төлем төлеу фактісі анықталмаған БЖТ төлеушілерге;
5) АҚС шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алатын, ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары түспеген жеке тұлғаларға;
6) егер олар бір мезгілде республикалық бюджет қаражатынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің басқа да түрлерін алушылар болып табылса, шектеу іс-шаралары енгізілген кезеңде алғаш рет БЖТ төлеген адамдарға;
Бұл ретте, жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер немесе БЖТ тұрақты төлеушілер болып табылатын зейнеткерлер мен мүгедектер, егер олар енгізілген шектеулерге байланысты табысын жоғалтқан болса, онда олар әлеуметтік төлем алуға құқылы.
7) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға;
8) біржолғы төлем алушының жоғалтылған кірісі қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайды.
-----------------------------------------------------------------
По состоянию на 28 июля зарегистрировано порядка 64,5 тыс заявок, из них 25,3 тыс. приняты в проактивном формате через sms- сообщения. 56 890 гражданам назначена выплата в размере 42500 тенге и направлены на счета, это порядка 2,5 млр. тенге. Отказано 5 117 гражданам в связи с тем, что они имели другой источник дохода, имели статус безработного или являлись активными получателями социальных выплат. То есть у данных граждан не подтвердился факт потери дохода.
При этом, необходимо отметить, что единовременная выплата не назначается лицам, у которых отсутствует факт полной потери дохода в июле месяце в связи с введением ограничительных мероприятий, в том числе:
1) в случае, если деятельность работодателя, индивидуального предпринимателя, лица, занимающегося частной практикой, или юридического лица, с которым заключен договор гражданско-правового характера, не ограничена с введением ограничительных мероприятий;
2) лицам, которые находятся в оплачиваемом ежегодном трудовом или в социальном отпуске, за исключением лиц, находящихся в отпуске без сохранения заработной платы;
3) освобожденным от работы, в связи с введением простоя, в соответствии с трудовым законодательством;
4) плательщикам ЕСП, у которых отсутствует факт уплаты единого совокупного платежа в первом полугодии текущего года;
5) физическим лицам, получающим доходы от выполнения работ (оказания услуг) по договорам ГПХ, за которых отсутствует поступление обязательных пенсионных взносов в первом полугодии текущего года;
6) Выплата не назначается лицам, впервые уплатившим ЕСП в период ограничительных мероприятий, если они одновременно являются получателями ежемесячных пенсионных выплат и государственных пособий, выплачиваемых из средств республиканского бюджета и других видов социальных выплат из Государственного фонда социального страхования.
При этом, пенсионеры и инвалиды, которые являются наемными работниками, индивидуальными предпринимателями или регулярными плательщиками ЕСП, если они потеряли свои доходы в связи с введенными ограничениями, то они имеют право получить социальную выплату.
7) лицам, находящимся на полном государственном обеспечении в учреждениях уголовно-исполнительной системы;
8) в случае восстановления потерянного дохода получателя единовременной выплаты.
