Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті Ағымдағы жылы 28 ақпанда Алғыс күнін мерекелеу қарсаңында "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру" Жолдауын орындау бойынша Жол картасын іске асыру барысы туралы" күн тәртібімен Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

Қазіргі уақытта осы Жол картасы аясында, "Елді мекендерде мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін "Кедергісіз орта" құру бойынша, оның ішінде осы мәселені шешуге қоғамдық бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау" 62-тармақ бекітілді.

2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті, "Нұр Отан" партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасының артуы" атты Жолдауында мүгедектігі бар азаматтар үшін "кедергісіз орта" құруға ерекше назар аударуға шақырды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы М. Мұратбеков сөз сөйледі.

Сонымен қатар М.Мұратбеков Қазақстан Республикасы мүгедектерінің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының аяқталғаны және осы бағытта қандай жұмыс жүргізілгені туралы баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен 2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жоспарды әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.

2015 жылдан бастап Департаментке мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері, оның ішінде қолжетімді, кедергісіз орта құру мәселерінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша функциясы жүктелген.

Мемлекеттік бақылау келіп түскен өтініштердің, сондай-ақ бақылау объектісіне (субъектісіне) барумен профилактикалық бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.

2015-2019 жылдары Департамент мемлекеттік бақылау аясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзу бөлігінде объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз етпеу түрінде 215 тексеру жүргізді. Объектілердің меншік иелерін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды міндеттеді, осылайша мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен мүдделері қорғалды.

Тексеру нәтижесінде 107 субъектіге анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым берілді, жалпы сомасы 17 млн. теңгеден астам 72 әкімшілік айыппұл салынды және 179 объектіде қол жетімділік қамтамасыз етілді.

Сөз соңында Мұратбеков мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді, кедергісіз орта құру мәселелерінде мемлекеттің, қоғамның бірлескен күшімен шешілуін және қоғамдық бірлестіктер тарапынан жәрдемдесуді талап ететін бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті.

0
0
501

Осы тақырып бойынша

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті - Yvision.kz