Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қошанкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, аталған ауылдық округке қатысты жоспарланған жобалар талқыланды. Бағдарламада Қошанкөл ауылдық округіне қатысты «Беспішен-Қошанкөл-Қараоба» жолының 30 шақырым жолын орташа жөндеу және 34 шақырымын күрделі жөндеу, Ордабай ауылының ауыз сумен қамтамасыз етілуі, осы елді-мекенге қатысты 2024 жылға қарай медициналық пунктті, 2025 жылға дейін Қошанкөл ауылында балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілетіндігі көрсетілген. Сонымен қатар үміткерлер бағдарламада көрсетілген «Экономикалық тұрақты аудан» бағытындағы «Бизнестің жол картасы - 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек», «Жайлы аудан» бағытында көрсетілген «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Әлеуметтік бағытталған аудан» бағыты бойынша қолға алынған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Жастарға арналған аудан» бағытындағы «Тәлімгер» жобасы, «Жас кәсіпкер», «Жасыл ел» бағдарламасы, «Тарих пен мәдениетті дамыту» бағытында «Бақытты отбасы», «Туған жер», «Жаңғырған ауыл», «Жас шаңырақ», «Қауіпсіз аудан» бағытындағы «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жасөспірім», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Браконьер» сынды бағдарламалар мен партиялық жобалардың және профилактикалық шаралардың маңыздылығын түсіндірді.

Сайлаушылар үміткерлерге әлеуметтік және мәдениет салалары бойынша сауалдар қойып тиісті жауаптарын алды. Депутаттыққа үміткерлер сайлаушыларды 10 қаңтар күні ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда партияны қолдауға шақырды. Кездесу санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
281

Осы тақырып бойынша

Қошанкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. - Yvision.kz