Қош бол, "қазағым"!
Сонымен, "Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы!" Ұлттық қозғалысының бастамасымен 27.07.2020 ж. белгіленген наразылық акциясы өтпеді. Дәлірек айтқанда, бастаманы қолдаушы болмады.
Осындайдан екен ғой марқұм Дулат Ағаділ батырымыздың көшеге жалғыз шығып, "Шықсаңдаршы!" деп еңірегені...
Әлемде өз көлеңкесінен, өзі қорқатын басқа халық жоқ!
Жемқор билік өз құлқыны үшін қасақана қынадай қырып жатқанда, "қыңқ", деп дыбыс шығармаған халықта қандай болашақ болуы мүмкін?!
Сондықтан, есіктен басын сұқпай жатып, "өз елдерінен" қашқан келімсектердің босағадан басын сұқпай жатып, "төр менікі", дейтіні...
Бабаларымыз, "... құл жиылып бас болмас", дейтіні осындайдан айтқан ғой...
30 жыл көрген құқайы аз болғандай, "халық" өз-өзін қамыт киюге дайындап, "жаңа" президент іздеп жүр...
Қазіргі қазақтың, Еуразия кеңістігін билеген елдің ұрпағы екеніне кім сенеді?!
Бұқар жырау Кенесары ханның түсін жорығанда, "... арты құрт-құмырсқа болып кетеді", дегені бұгінгі "қазақ" екен ғой...
