«Ортопедия және травматология орталығы» ұжымымен үгіт-насихат кездесуі
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың «Ортопедия және травматология орталығы» ұжымымен үгіт-насихат кездесуі болып өтті.
Онлайн кездесуге Хамидуллина Зайтуна Ғаділқызы - №3 көпбейінді қалалық емхананың бас дәрігері, Тулеуханова Ләззат Мұратқызы – «Технологиялық колледж» директоры, Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы – «Тұран-Астана» университетінің ректоры қатысты.
Кездесу барысында кандидаттар барлық сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды талқылады.
