Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орталық Маңғыстау, Сәтпаев, Қосқұлақов көшелері энергия үнемдегіш жарық шамдарымен қамтамасыз етілді

Қаланың негізгі көшелері бойынша жарықтандырылуы қанағаттанарлық емес дейгейде болып табылатын Сәтпаев көшесінің Жалын және Шұғыла ш/а аралығындағы учаскесі еді. Бұрын бұл аралыққа күн сәулесінен энергия алатын жарық шамдары қойылған, алайда олардың жарықтандыру көрсеткіші өте төмен, тәуліктің қараңғы кезінде көріну деңгейі нашар болатын. Қала көшелерін абаттандыру және жарықтандыру, жол жүрісінің, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Сәтпаев көшесінің осы бөлігін заманауи энергия үнемдегіш шамдармен жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Осы жұмысқа қажетті материалдарды көше жарығы құрылысы жұмыстарының мердігері Айком ЛТД ЖШС-мен алып берсе, ауыстыру-жөндеу жұмыстарын көше жарығына техникалық қызмет көрсетуші Ақтаусервисқұрылыс ЖШС жасады. Нәтижесінде қаламыздың орталық Маңғыстау, Сәтпаев, Қосқұлақов көшелері толықтай заманауи, энергия үнемдегіш жарық шамдарымен қамтамасыз етілген жағдайға жетті.

0
0
248

Осы тақырып бойынша

Орталық Маңғыстау, Сәтпаев, Қосқұлақов көшелері энергия үнемдегіш жарық шамдарымен қамтамасыз етілді - Yvision.kz