Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановтың қатысуымен брифинг өтті.

«Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бойы аса маңызды қоғамдық-саяси және діни іс-шара –әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізетін орын болып отыр», - деп Марат Әзілханов баса айтты.

Брифинг барысында мәдениет және спорт вице-министрі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі 2015 жылғы 10-11 маусымында Астана қаласында «Бейбітшілік пен өркендеу үшін діни және саяси көшбасшылардың сұхбаты» тақырыбына өтетінін хабарлады.

Тақырып өзегіне бейбітшілік пен келісім қағидаларын сақтау идеялары, сондай-ақ барлық әлемдік қауымдастықтың өркендеуінің мықты және үйлесімді дамуының іргетасы алынған. Алда болатын V Съезд ағымдағы әлемдік жағдайларды есепке ала отырып, діни және саяси көшбасшылардың ынтымақтастығын күшейтуге, халықаралық деңгейдегі дағдарыс жағдайларын талқылау мен еңсеруге бағытталады.

Брифинг шеңберінде Съезд қызметіне қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

0
0
298

Осы тақырып бойынша

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановтың қатысуымен брифинг өтті. - Yvision.kz