Орталық БПҰ мүшелерімен кездесу өтті.
. Бүгін аталған бастауыш партия ұйымының мұшелерімен кездесу барысында, аудандық штаб мүшесі Президенттікке үміткер Қ.К.Тоқаевтың сенімді өкілі, аудандық мәслихат депутаты Д.Кубеев «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым» атты үміткердің сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталып өтті.
-Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында білім берудің барлық деңгейлерінде жинақталған проблемаларды шешуді мақсат етіп отыр. Өйткені, өскелең ұрпаққа салынған инвестиция – бұл болашаққа салынған инвестиция екенін өздеріңіз жақсы білесіздер деді Д.Кубеев.
Штаб мүшесінің айтуынша,
-Тұлғаның негіздері ерте жаста қалыптасады. Сондықтан Президент Қ. К. Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында 2 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен қамту міндетін қойды.Әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары балабақшада тегін тамақтанатын болады. Балаларымыздың қауіпсіздігі – мемлекет үшін басты міндет. Сондықтан барлық балабақшалар қажетті жабдықтармен жабдықталады.
Алдағы жылдары балаларымыз заманауи робототехника, химия, биология және физика кабинеттерінде оқи алады. Бүкіл ел бойынша осындай 7000 кабинет ашылады.
Мұғалімдер білім алушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру үшін оқытудың жаңа инновациялық әдістерін қолданатын болады. Сондай-ақ, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері де бақылауға алынады.
Сонымен қатар, 2022 жылдың күзінде жұмыс істемейтін аналарға балаларға берілетін жәрдемақыларға мемлекеттік бюджеттен қажетті қаражат бөлу бойынша есеп-қисаптар енгізіледі, сондай-ақ жұмыс істейтін ата-аналар үшін МӘСҚ-дан баланың күтімі бойынша тағайындалатын әлеуметтік төлемдерді есептеу алгоритмдері түзетіледі.
Әйелдерді кәсіпкерліккке баулу мәсілелесі де талқыланып, мемлекеттік бағдарламаларда қатысу жайында ақпарат берілді.
Алдымызда келе жатқан сайлаудың еліміздің болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, барша партия мүшелерін өз таңдауларын жасауға шақырды
#Toqaev2022
