Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Орталық Азияның Еуразия қорының өкілдерімен кездесу

Бүгін Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков "Қолжетімді Қазақстан" жобасымен айналысатын Орталық Азияның Еуразия қорымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда объектілер мен қызметтерге тең қолжетімділік, еркін жүріп-тұру үшін мүгедек адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты жолға қою болып табылады.

Департамент басшысы жобалық топты Департаменттің қызметімен таныстырып, мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау мәселелеріне толығырақ тоқталды.

Нысандардың қолжетімділігі-барлық жүкті, қарт, уақытша жарақаттанған, мүгедек адамдарға қажет. Біздің миссиямыз бірыңғай, азаматтардың барлық санаттары үшін Қазақстанды жайлы және қолжетімді ету- деді жобаның серіктесі Захира Бегалиева, "ITeachMe" ҚҚ директоры.

Жобалық команда қатысушыларды "Қолжетімді Қазақстан" жобасы қызметінің нәтижелерімен таныстырды, сондай-ақ Қостанай облысында қолжетімді ортаны қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін, оның ішінде осы мәселелермен айналысатын мамандарды қолжетімді ортаны құру саласындағы білім мен дағдыларға тегін үйрету мүмкіндігін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қолжетімді орта құру мәселелері бойынша заңнамаға енгізу үшін бірқатар ұсыныстар әзірленді.

***

Сегодня руководитель Департамента Муратбеков М.Т. провел встречу с Фондом Евразия Центральной Азии, занимающиеся проектом «Доступный Казахстан». Целью встречи явилось налаживание сотрудничества по обеспечению доступной среды для лиц с инвалидностью на свободное передвижение, равный доступ к объектам и услугам в Казахстане в соответствии с международными стандартами.

Руководитель Департамента ознакомил проектную команду с деятельностью Департамента, более подробнее остановился в вопросах защиты прав лиц с инвалидностью.

Доступность объектов - необходима всем без исключения беременным, пожилым, временно травмированным, лицам с инвалидностью. Ведь миссия у нас единая, сделать комфортным и доступным Казахстан для всех категорий граждан

- заявила партнер проекта Захира Бегалиева, директор ОФ «ITeachMe».

Проектная команда ознакомила присутствующих с результатами деятельности проекта «Доступный Казахстан, а также обсудили возможность сотрудничества по вопросам формирования доступной среды в Костанайской области, в том числе возможностью обучить бесплатно специалистов, занимающиеся этим вопросам знаниям и навыкам в сфере создания доступной среды.

По итогам встречи были выработаны ряд предложений для внесения в законодательство по вопросам создания доступной среды.

1
0
236

Осы тақырып бойынша