Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орталық алаңда жәрмеңке өткізілді

Жәнібек ауданы орталығындағы орталық алаңда ауыл шаруашылығы күніне орай аудан еңбеккерлері мен тұрғындардың қатысуымен қорытынды жиын өткізілді.

📷 Күзгі жиын-терін жұмыстарын қорытындылау мақсатында ұйымдастырған шарада арзандатылған ауыл шаруашылығы тауарлары ет, сүт, құрт, балық, жем, жеміс-жидек пен көкөніс сатылған жәрмеңкесі ұсынылып, халық көңілінен шықты.

📷 Бұған қоса, орталық алаң сахнасында мерекелік концерт ұйымдастырылып, аудан әкімі Азамат Сафималиев аудандағы еңбек ардагерлерін, ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан сала қызметкерлерін марапаттап, еңбектеріне жеміс тіледі.

📷 Сонымен қатар аудан басшысы биыл қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысып, азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен қамтамасыз еткен бірқатар қожалық басшыларына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хатын табыстады.

📷 Сондай-ақ, күннің салқындығына байланысты алаңда тұрғындар мен қонақтарға қазанда пісірілген палау мен ыстық шәй тегін таратылды.

📷Айта кетейік, жиын барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

0
0
123

Осы тақырып бойынша