Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орта Азия мен Қазақстандағы ең ұзын көпірКүршім ауданында Бұқтырма су қоймасынасалынады! Бәрекелді

Зайсан көлі маңында орналасқан Зайсан, Күршім, Катонқарағай аудандарының тұрғындарына жарты ғасырдан бері арман болған алып көпір құрылысы 2021 жылдан басталатынына халықтың көзі жетуде. Ол туралы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер Тұмашинов Ұлықбек Шабданұлы Күршім ауылындағы болған кездесуде айтты. Өткен сайлауда аманат айтқан ел тілегі ел басқарған азаматтардың құлағына жетіп, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтің Жолдауында айтылды. Үстіміздегі 2020 жылы конкурс өткізіліп, мердігер анықталды. Конкурсты жеңіп алған іскер азамат, қазіргі таңдағы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Тұмашинов Ұлықбек Шабданұлы басқаратын Облшығысжол ЖШС.

2020 жылы 24 желтоқсан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Тұмашинов Ұлықбек Шабданұлы Күршім-Марқа өңірінің тұрғындарымен кездесуін, канвассинг аясында, ауданымыздың жасы үлкен ақсақалы, Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, «Күршім ауданының құрметті азаматы» Ахмадиев Ахметкәрім Ахмадиұлының үйінен бастады. Еліміздің қиын –қыстау кезінде балалық шағын өткізген соғыс ардагерінің бүкіл өмір жолын, Ұлы Отан Соғысынан кейінгі кезеңдердегі қиранды экономиканы қалпына келтіру кезіндегі еңбегін, көптеген ірі шаруашылықтарды басқарған кездегі қиындықтарды, өмірінің жарқын шақтарын еске алып, Ахметкәрім ақсақал келген қонақтарға батасын берді. Аудандағы қордаланған мәселелерге тоқтала кетіп, аудан аумағындағы суармалы жерлерді тиімді пайдалану үшін 22 каналды күрделі жөндеуден өткізсе деген ұсынысын білдірді.

Канвасингтен кейін аудан орталығындағы «Көкжал» сауда үйінде «Экспромпт-кездесумен» жалғасты. Ондағы жұмыс істейтін тұрғындар мен сауда орындарының қызметкерлері үміткердің сөзін тыңдай келе өздерінің сұрақтары мен аманаттарын айтты.

Зайсан ауданындағы табиғи газ кен орнынан Күршім ауданына да газ құбырын тартып, елді мекендерге қосу, Күршім ауылындағы көп қабатты үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу, ауылдағы көп қабатты үйлердің сыртын, төбесін, жөндеуге қаржы бөлу, Үлкен Нарын - Қайыңды ауылына дейінгі жолды жөндеп, аяқтау туралы өтініштерін айтты.

Ұ.Ш.Тұмашиновпен кездесу аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Ұлықбек Шабданұлы кездесу барысында жиналған жұртқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, өңір тұрғындарына арман болған алып көпір құрлысына алғашқы қаржы бөлінгенін, өзінің компаниясы көпірді салуға сақадай сай дайын екенін, шамасы келетінін айтып халықты сендірді.

Жиын барысында аудан тұрғындарының әр саладан берген сұрақтарына жауап беріп, кейбір аманаттарын жазып алды.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Күршім ауданының құрметті азаматы Ақтекенов Есманбек Адайұлы Күршім ауылындағы көптеген үйлер орталықтандырылған таза су жүйесіне қосылмаған, соны қолға алып, аудан орталығындағы кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Зайсан ауданындағы табиғи газ кен орнынан ауданға газ құбыры тартылып, елді-мекендер газдандырылса деген ардагерлер атынан аманатын жолдады.

Күршім ауылының тұрғыны, зейнеткер ұстаз Қожахметова Гүлнар Қасымғазықызы «Ұстаз» мәртебесі бойынша мұғалімдердің еңбекақысы көбейіп, зейнетақысы да өсті, бұған қуанатынын айтып, ал мектеп әкімшілігінің (директорлардың, орынбасарлардың) еңбекақысы да зейнетақысы да аз екенін жетізді. Осы мәселеге көңіл бөліп, шешуге барлық жігерін арнауды сұрады.

Күршім ШҚ РЭК басшысы Ожырканов Жандос Әлібекұлы, Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салынатынына осы отырған халық атынан үлкен рахмет айта отырып, ауданда электр тапшылығы барын жеткізді. Көпір құрылысының жобасында көпір астынан жоғарғы кернеулі 110 килавольттық электр желісін өткізу қарастырылған ба? Егер жоқ болса соны қарастырып, Көкпекті ауданы жағынан электр желісін тартуды енгізсе деген ұсынысым айтты.

Сарыөлең ауылының тұрғыны Ақсартов Серік Алтынбекұлы, бүгінгі күнде ветеринарлардың еңбекақысы өте төмен, 50-60 мың теңгені құрайтынын айтып, осындай еңбекақы алса енді бес жылда мал дәрігерлері болмай қалу қаупі бар. «Адам дәрігері адамды емдесе, мал дәрігерлері адамзатты емдейді»,-деген нақыл бар. Дәрігерлер, мұғалімдермен қоса мал дәрігерлерінің де еңбекақысын көтерсе деген аманатын жеткізді. Сонымен қатар Сарыөлең ауылындағы интернет желісі жылдамдығы төмендігін айта келе, ауыл жанынан 500 метр жерден өтетін талшықты оптикалық желіге қосса деген ұсыныстарын айтты.

"Сартау НС" ЖШС төрағасы Ақылбекұлы Рауан, шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алғанда 25% субсидия ережеде көзделген. Бірақ нақты төлеген кезде бұрынғы бекітілген баға көлемінде ғана төлейді. Ауыл шаруашылығы техникаларының бағасы жылдан жылға өсіп келе жатқаны ескерілмейді. Беларусь МТЗ-80 тракторына кезінде 6 млн 800 мың теңгеге есептеліп, 1млн 700 мың теңге субсидия көзделген. Бағасы қымбаттаса да сол 1,7 млн теңгені төлейді. Осы сұрақты шешуді қолға алсаңыз деген ұсынысын айтты.

Мәжіліс депутаттығына үміткер Тұмашинов Ұлықбек Шабданұлы аудан тұрғындарын айтылған аманат, берілген сауалдардың ескерусіз қалмайтынына сендіре келе, елді жақсылыққа, келешегін кемелді ететін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында әр азаматтың мәселесін жерде қалдырмайтын, барлық тұрғындардың ұсыныстарымен толықтырылған «Nur Otan» партиясының «Әр азаматқа лайықты өмір!» көздейтін сайлауалды бағдарламасына, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын! Сіздермен бірге қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

0
0
190

Осы тақырып бойынша

Орта Азия мен Қазақстандағы ең ұзын көпірКүршім ауданында Бұқтырма су қоймасынасалынады! Бәрекелді - Yvision.kz