Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оралдың ардагерлер активі БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге қызмет жасайды

2020 жылдың 16 қаңтар күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Орал қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелерімен «ANTICOR ORTALYGY» сервис орталығында кездесу өткізді.

Аға буын - бүгінгі алтын қор, соның ішінде жастар үшін жол бағдар көрсетуші. Олардың өмірлік және кәсіби тәжірибесі, сондай-ақ олардың білімі өскелең ұрпақ үшін үлгі, отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі болуда.

Шараға қатысқан ардагерлер мемлекеттік органдардың, әкімдік бөлімшелерінің, аудан әкімшілігінің және облыстың кәсіпорындарының бұрынғы басшылары болып табылады.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарымен және оның іске асырылу барысы туралы таныстырды, сондай-ақ жұртшылықпен тығыз өзара іс-қимылға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ол аға буын өкілдерін облыстың білім беру мекемелерінде парасаттылық сағаттарын өткізуге белсенді қатысуға шақырды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.А.Нығмет өзінің кіріспе сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы жоғары бағалап, қоғам арасында парасаттылықты қалыптастыру бойынша таңдалған бағыт елдің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылатынын атап өтті.

Ақпараттық-насихаттау штабының мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.А.Мұхамбетов жастар арасында академиялық адалдықты қалыптастыруға тікелей әсер ететін студенттік өзін-өзі басқаруды жандандыру қажеттігін атап өтті.

1
0
342

Осы тақырып бойынша

Оралдың ардагерлер активі БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірге қызмет жасайды - Yvision.kz