Орал қ. жер қатынастары бөлімінің қызметінде жүргізілген сыртқы талдаудың қорытындылары қаралды
2021 жылғы 03 ақпанда «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің басшысы Р. Ақмырзаевтің қатысуымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері тыңдалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта жер қатынастары саласы өзекті болып табылады.
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында онлайн режимде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері тыңдалды.
Отырысқа қатысқан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әзірленген ұсыныстарды қолдап, мемлекеттік орган тарапынан бұзушылықтарды сапалы жоюға және алдағы уақытта жол бермеуге үміт білдірді.