Орал қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында кездесу өтті
2018жылдың 03 тамызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа.Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасыұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мобильдік топ мүшелері мемлекеттік мекеме ұжымына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудағы мемлекетіміздің саясаты жөнінде түсіндірді.
