Орал қаласының №44 «Мерей» бөбекжайы қызметкерлерімен кездесу

2015 жылдың 3 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның басым бағыттарын түсіндіру мақсатында Департамент Орал қаласының №44 «Мерей» бөбекжайы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі міндеттері мен бағыттары түсіндірілді.
Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, олардың сыбайлас жемқорлық туралы түсінігін айқындайтын арнайы зерттеу сауалнамасы жүргізілді.


